СҚО-да есірткі дайындап, сақтаған және жарнамалаған тұрғын 11 жылға сотталды
© Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді.
Өткен жылдың соңында полицейлер жабайы сора өсімдіктерінен 2,6 келіден астам марихуана және 53 грамнан астам гашиш дайындаған 34 жастағы петропавлдықты ұстады.
Есірткі заттары оның жертөлесінен тәркіленіп алынды. Ер адам бұл есірткі заттарын Telegram мессенджері арқылы сатуды көздеген.
Ол арнаны құрып, онда өзінің "тауарын" жарнамалауға кірісті, сондай-ақ басқа есірткі дүкенінің жарнамасымен бөліскен.
Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді. Ол есірткі жасағаны, сату мақсатында сақтағаны және жарнамалағаны үшін сотталды.
Сот ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:14, 2 қазан 2024
Жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау тізгін қақты
-
17:07, 2 қазан 2024
Күш атасы - Қажымұқан туралы фильм көрермендерге жол тартады
-
17:07, 2 қазан 2024
Күш атасы - Қажымұқан туралы фильм көрерменге жол тартады
-
16:54, 2 қазан 2024
Өзбекстанда 600 қазақстандық референдумда дауыс береді
-
16:40, 2 қазан 2024
Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне есірткі өткізбек болған күдікті ұсталды