Қызылордада Оқушылар сарайы ел игілігіне табысталды

19:04, 1 қазан 2024

© Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қала күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың сол жағалауына "Қазгермұнай "БК" ЖШС-нің демеушілік қаражатына салынған Оқушылар сарайы өскелең ұрпақ игілігіне табысталды.

Салтанатты іс-шараға "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, Халықаралық Қарттар күні қарсаңында аймақ басшысының арнайы шақыртуымен барлық ауданнан келген ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 19:04

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 19:04

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының қолдауымен бүгінде Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістер өңіріне айналды. Облыста биыл 187 нысанның құрылысы салынуда. Тек білім саласында 9 нысан ел игілігіне берілді. Бүгін міне, "ҚазГерМұнай" компаниясының демеушілігімен 2 млрд 350 млн теңгеге салынған 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының салтанатты ашылуына жиналдық.Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласының дамуы – өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Қазіргі таңда өңірімізде 62 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Ондағы үйірмелерге 60 663 оқушы қатысады.Бұл ғимаратта балаларымыз бос уақытын тиімді өткізіп, пікірлес жаңа достар табады. Таным көкжиегін кеңейткен жас талапкерлер жаңалық ашып, жарқын болашағына қажетті дағдыларға машықтанады деп сенеміз. Сіздерді жаңа Оқушылар сарайының ашылуымен құттықтаймын! Сыр өңірі күн сайын түрленіп, әсем ғимараттарымен айшықталып, тұрғындарымыз қуанышқа бөлене берсін!", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 19:04

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рәсімде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Eсқазиев жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Жобаға 2,4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс өткен жылдың желтоқсанында басталған.

Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 19:04

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Заманауи, көпфункционалды кешен ішінде техноорталық, бағдарламалау, робототехника және өнеркәсіптік дизайн сыныптары, экологиялық зертхана, жылыжайлар мен қысқы бақ, телестудия, вокал, музыкалық аспаптар және хореография кабинеттері бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!