Алпауыт мұнай компаниялары жергілікті тауарларды сатып алады
© Фото: kmg.kz
Еліміздегі "Қашаған", "Қарашығанақ" және "Теңіз" жобалары белсенді түрде кеңейіп келеді. Осыған байланысты алдағы уақытта қызмет көрсету мен құрылғылардың жоғары технологиялық түрлері қажет.
Үш ірі мұнай жобасының операторлары бұрын қажетті технологияларды сырттан әкеліп жүрген еді. Алайда дүниежүзіндегі ахуалдың әсерінен біраз қиыншылық туындаған.
Жолдың бағасы едәуір өскен, оның үстіне тауардың келетін уақыты да ұзарған. Сондықтан жергілікті тауар өндірушілерге басымдық берілмек, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазірдің өзінде мұнай компаниялары отандық кәсіпорындармен бірқатар келісімшарттарды бекіткен.
"Бизнес пен операторлармен осындай бір келісімге келдік. Қазақстанда осы кен орындарының қасында зауыттар соғылуы керек. Оның көптеген жағымды жақтары бар. Зауыттың қасында болады, уақытты, қаражатты үнемдейміз. Болашақта осы зауыттардың барлығы біздің елімізде соғылады." Дастан Әбішев, "IMB Орталық" бас директорының міндетін атқарушы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:14, 2 қазан 2024
Жас қаламгерлерге арналған жаңа байқау тізгін қақты
-
17:07, 2 қазан 2024
Күш атасы - Қажымұқан туралы фильм көрермендерге жол тартады
-
17:07, 2 қазан 2024
Күш атасы - Қажымұқан туралы фильм көрерменге жол тартады
-
16:54, 2 қазан 2024
Өзбекстанда 600 қазақстандық референдумда дауыс береді
-
16:40, 2 қазан 2024
Алматы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне есірткі өткізбек болған күдікті ұсталды