СҚО-да 5 млн теңгеге жуық интернет-алаяқтық дерегі тергелуде
© Фото: freepik
"Сіздің атыңызға несие рәсімделіп жатыр!", "Белгісіз адамдар жеке деректеріңізге қол жеткізді!" – интернет-алаяқтар осындай жалған ақпарат арқылы азаматтарды үрейлендіріп, өз нұсқауларын орындатуға тырысады.
Осындай қылмыстың құрбаны Петропавл қаласының тұрғыны болды. Оған WhatsApp мессенджері арқылы өзін "Egov қызметкері" ретінде таныстырған белгісіз адамдар хабарласып, жеке кабинетінің бұзылғанын айтқан.
Деректерді нақтылау және банк қосымшаларына қолжетімділікті қалпына келтіру сылтауымен олар sms-хабарлама арқылы келген кодты айтуын талап еткен.
Арада көп өтпей жәбірленушіге өзін полиция қызметкері деп таныстырған адам бейнеқоңырау арқылы хабарласып, әртүрлі банктерде оның атына белсенді несие өтінімдері тіркелгенін жеткізген. Оларды тоқтату үшін азаматқа дәл сондай несиелерді өз атына рәсімдеп, алынған қаражатты "қауіпсіз шотқа" аудару қажет екенін түсіндірген.
Алаяқтардың нұсқауларын орындау салдарынан петропавлдық тұрғын 5 млн теңгеден астам қаржысынан айырылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұрланған қаражатты алған дропперлердің есепшоттары бұғатталып, полиция олардың иелерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Бұл жәбірленушіге келтірілген шығынды азаматтық тәртіппен өндіріп алу мүмкіндігін береді. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 563 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Оның 407-сі кибералаяқтардың нұсқауымен азаматтарды несие рәсімдеуге итермелеу арқылы жасалған. Полиция ескертеді: ешбір ресми орган өкілі азаматтардан қаржылық операциялар жүргізуді, несие рәсімдеуді немесе қаражатты көрсетілген есепшоттарға аударуды талап етпейді.
Sms арқылы келген кодты сұраған немесе ақша аударуға көндірген адамдардың барлығы — алаяқтар. Сондай-ақ құқық қорғау органдары Egov порталында қолжетімді несиелерден ерікті түрде бас тарту қызметін пайдалануға кеңес береді. Бұл – интернет-алаяқтықтан қорғанудың тиімді тәсілдерінің бірі. Қазіргі таңда бұл қызметті 255 мыңнан астам адам, яғни СҚО тұрғындарының шамамен 53,5 пайызы пайдаланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:23, 18 желтоқсан 2025
Жүздеген миллион теңгені жымқырған: Риддердің экс-әкіміне қатысты үкім өзгертілді
-
16:12, 18 желтоқсан 2025
Сенатор ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы түзетуді бағалауды сұрады
-
16:06, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді
-
15:52, 18 желтоқсан 2025
Жезқазғанда полиция аса ірі көлемдегі есірткі саудасын тоқтатты
-
15:44, 18 желтоқсан 2025
18 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар арзандауын жалғастырды





