СҚО-да полицейлер төрт күн ішінде 23 мас жүргізушіні анықтады
© Фото: pexels
СҚО-да полицейлер төрт күн ішінде облыс жолдарында 23 мас жүргізушіні анықтады. Көлікті мас күйде басқарған жүргізуші – қауіпті адам.
Мас күйінде ЖКО фактілерін болдырмау үшін полиция қызметкерлері үнемі акциялар мен жедел алдын алу іс-шараларын өткізеді.
14 қазаннан бастап СҚО аумағында "Мас жүргізуші" ЖПІШ өткізіліп жатыр. Оған 400-ге жуық патрульдік полицияның, учаскелік полиция инспекторы және өзге де полиция қызметтерінің қызметкерлері қатысып жатыр.
"Жол қауіпсіздігін нығайту бойынша күшейтілген жұмыстың түбегейлі маңызы бар. Өткен жылмен салыстырғанда оң өзгеріске қол жеткізілді. Өткен жылы 9 айда мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 5 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Жыл басынан бастап мас автокөлік жүргізушілері 13 жол-көлік оқиғасының себепкері болды, онда 16 адам жарақат алды", – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.
4 күн ішінде облыс жолдарында мас күйінде 23 жүргізуші ұсталды. Барлығы 1295 түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде жылдамдықты асырудың 148 фактісі және жаяу жүргіншілерге көлік қозғалысына артықшылық бермеудің 37 жағдайы анықталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:17, 18 қазан 2024
«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының орынбасары сотталды
-
16:08, 18 қазан 2024
Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдеді: ЕО келіссөздерге дайын екенін растады
-
16:08, 18 қазан 2024
Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерінде биыл 8 Мәдениет үйі пайдалануға беріледі
-
15:45, 18 қазан 2024
Ақтау тұрғыны жедел жәрдемге «пранк» жасап, 80 мың теңге айыппұл арқалады
-
15:36, 18 қазан 2024
Қазақстанда салық есептілігін ұсыну және салық төлеу мерзімі 21 қазанда аяқталады