«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының орынбасары сотталды
© Фото: Zakon.kz
Қызылорда қалалық соты "Интергаз Орталық Азия" Акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары Н. Нұрболатұлына қатысты үкім шығарды.
Ол "Orda Glass LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сметалық құнын асыра бағалау және "Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау газ құбырын салу" объектісі бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 60,1 млн теңге сомасында мүліктік залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, ол объектіні салу кезінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолы учаскесін механикалық кесу арқылы мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтіргені үшін сотталды.
Сот үкімімен Нұрболатұлына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға 3 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:06, 18 қазан 2024
Танымал блогер Токио мен Астананың интернет жылдамдықтарын салыстырып көрді
-
17:46, 18 қазан 2024
Түнде екі өңірде сынап бағаны 7 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады
-
17:36, 18 қазан 2024
«Күн жылынады». Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
-
17:17, 18 қазан 2024
Қарағандыда ҚАЖД-ның аға уәкілетті өкілі жаппай азаптау бабы бойынша сотталды
-
17:03, 18 қазан 2024
Көкпар-бұл жай ғана ойын емес: Алматы облысындағы әйел шабандоз көпшіліктің көзайымына айналды