Ақтау тұрғыны жедел жәрдемге «пранк» жасап, 80 мың теңге айыппұл арқалады
© Фото: primeminister.kz
2024 жылдың 14 қазанында Ақтау тұрғыны жедел жәрдемге себепсіз қоңырау шалған. Енді ол арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін 80 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, тұрғын арнайы қызметке "көп көлемде дәрі-дәрмек" қабылдағанын айтып қоңырау шалған. Алайда жедел жәрдем бригадасы шақыртуға барғанда, ер адам мұның "пранк" екенін айтқан.
"Осыған байланысты, шақырту жалған қоңырау есебінде тіркеліп, Ақтау қаласының тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 438-бап. бойынша Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақырту бойынша 80000 теңге көлемінде айыппұл салынды".Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы
Бұған дейін Ақтөбелік өрт сөндірушілердің жалынға оранған үй ішінен газ баллондарын шығарып, жарылыстың алдын алғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:06, 18 қазан 2024
Танымал блогер Токио мен Астананың интернет жылдамдықтарын салыстырып көрді
-
17:46, 18 қазан 2024
Түнде екі өңірде сынап бағаны 7 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады
-
17:36, 18 қазан 2024
«Күн жылынады». Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
-
17:17, 18 қазан 2024
Қарағандыда ҚАЖД-ның аға уәкілетті өкілі жаппай азаптау бабы бойынша сотталды
-
17:03, 18 қазан 2024
Көкпар-бұл жай ғана ойын емес: Алматы облысындағы әйел шабандоз көпшіліктің көзайымына айналды