СҚО-да қайталап қылмыс жасаған әйел есірткі өткізгені үшін 13 жылға сотталды
![](https://mail.kz/images/145a5052b36da0081d0c274bd3c0fbfe-slider.jpg)
© Сурет: Zakon.kz
Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеді деген күдікпен ақпан айында ұсталды.
Интернациональная көшесіндегі оның тұрғылықты мекенжайында және Потанин көшесіндегі өзі есірткі жасырған орыннан тәртіп сақшылары салмағы 230 грамм мефедрон және "α-PvP" синтетикалық есірткілерін тәркіледі.
Қала тұрғыны наркологияда есепте тұр. Ол бұл есірткілерді интернет-дүкеннен алғаннан кейін жеке тұтыну үшін өзіне қалдырғанын айтты.
Осыған қарамастан, жедел-тергеу іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары оның аса ірі көлемде синтетикалық есірткілерді өткізуге қатысы бар екендігінің бұлтартпас дәлелдерін тапты.
Алынбаған соттылығы бар екенін ескере отырып, қала тұрғынының іс-әрекетінде қайталап қылмыс жасау белгілері байқалды. Мамыр айының соңында сот оны есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енді. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметтері бойынша жыл басынан бері облыста 21 кг 500 гр есірткі тәркіленді, оның ішінде 5 кг 220 грамы синтетикалық есірткілер.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:07, 8 шілде 2024
Қазақстандық жеті жеңіл атлет Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
-
13:50, 8 шілде 2024
Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатылмайды
-
13:32, 8 шілде 2024
Тоқаев ойын бизнесі мен лотерея қызметі туралы заңға қол қойды
-
13:13, 8 шілде 2024
ОПЕК+ келісімі: Қазақстан мұнай өндірісі бойынша өтемақының жоспарын әзірледі
-
12:59, 8 шілде 2024
Астана, Алматы, Шымкент: 8-10 шілде аралығына арналған ауа райы болжамы