Атырауда полицейлер ауласына 47 түп қарасора еккен күдіктіні ұстады

19:53, 1 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

Атырау облысында полиция облыс прокуратурасымен бірге "Қарасора" жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ауласына 47 түп қарасора өсірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

64 жастағы күдікті тұрғылықты тұратын үйінің ауласының қоршауын көрінбейтіндей етіп жабдықтаған. Тінту жүргізу кезінде ауладан тәртіп сақшылары 8 келі 800 гр болатын 47 қарасора бұтасын тәркіледі.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!