Израильде екі бейтаныс адам өткен-кеткендерге оқ атқан

22:52, 1 қазан 2024

© Сурет: pixabay

Тель-Авивпен біріккен ескі қала - Яффода 1 қазанда атыс болды, полиция бұл оқиғаны теракт деп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Channel 12 хабарлауынша, атыс Иерусалим көшесінде болып, салдарынан 10 адам жараланған. Қаза тапқандардың бар екені айтылып жатыр.

Израиль сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бейбіт тұрғындарға автоматпен оқ жаудырған екі лаңкестің өлтірілген.

Сонымен бірге Израиль әскері осыдан біраз уақыт бұрын Ираннан елге қарай зымырандардың ұшырылғанын хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!