Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады
© Сурет: pixabay
Тамыз – жаз маусымын соңғы айы. Синоптиктер бұл айда еліміздің оңтүстігі мен батысында негізінен ыстық, ал солтүстік жартысында жаңбырлы, найзағайлы әрі салыстырмалы түрде салқындау ауа райы қалыптасатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, белсенді солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Атап айтқанда, күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, кей уақытта елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, кезең ортасында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
"Алайда, бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республикамыздың батыс бөлігінде және орталығында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды деп күтіледі", делінген болжамда.
Тамыздың бірінші онкүндігінде:
- Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы +25...+35°С-тан +34...+39°С-қа дейін;
- Атырау облысының оңтүстігінде +41°С-қа дейін;
- Маңғыстау облысында +35...+40°С-тан +39...+44°С-қа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.
Күндізгі ауа температурасы төмендейді:
- республикамыздың солтүстігінде және Қостанай облысында +25+35°С-тан +20+28°С-қа дейін, онкүндіктің соңында қайтадан +30...+38°С-қа дейін ыстық болады деп болжанады;
- ал оңтүстікте сынап бағаны +39...+44°С-тан +29...+36°С-қа дейін төмендейді.
- еліміздің орталығы мен шығысында сынап бағаны +33...+41°С қатты ыстықтан +22+31°С-қа дейін ауысып, аптаптың беті қайтады деп күтіледі;
- еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +34...+39°С, Жамбыл облысында +42°С-тан +27+35°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
"Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3...+8°С-тан +10...+18°С-қа дейін, күндіз +17...+25°С-тан +25...+35°С-қа дейін ауытқиды деп күтіледі. Батыста және еліміздің оңтүстік жартысында түнде +17...+27°С-тан +13...+18°С-қа дейін, күндіз +32...+42°С-тан +25...+35°С-қа аралығында ауытқиды". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға, яғни 2026 жылғы 1-7 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:32, 31 шілде 2026
Зейнетақы аннуитеті арқылы БЖЗҚ-дағы ақшаны шығарып алуға болады ма - сарапшы
-
21:56, 31 шілде 2026
«Аяусыз сабап, тамағына пышақ сұққан». Түркістанда көпбалалы әкені таныстары өлтіріп кетті
-
21:19, 31 шілде 2026
«Күн 44 градусқа дейін ысиды». Еліміз бойынша дауылды ескерту жарияланды
-
20:37, 31 шілде 2026
Ақтөбе облысында төрт мектептің күзетшілері жалақыларын ала алмай, қиналып жүр
-
20:30, 31 шілде 2026
Қарағандыда полицей өртеніп жатқан үйден бес баланы алып шығып, қайғылы жағдайдың алдын алды





