Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу тәртібі өзгереді
© Фото: pexels
Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жерді уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түзетулер шаруа және фермер қожалықтарын жүргізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жерді уақытша өтеулі пайдалану құқығын беру жөніндегі электронды конкурстарды ұйымдастыру тәртібі мен тетіктерін цифрлық форматта реттеуді көздейді.
Жобаның мақсаты – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электронды конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру арқылы тиісті рәсімдерді оңтайландыру.
Сонымен қатар жоба ауыл шаруашылығы жерлерін бөлудің әділ әрі болжамды тетігін қалыптастыруға және жергілікті атқарушы органдарға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жаңа құралдарды енгізу ашықтық пен цифрлық есептілік арқылы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мерзімі – 2027 жыл және одан кейінгі жылдар.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 17 тамызға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:28, 31 шілде 2026
Алматыда Манас көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
-
12:12, 31 шілде 2026
Павел Дуров Ресей билігінің шешімінен кейін қатаң мәлімдеме жасады
-
12:04, 31 шілде 2026
Қасым-Жомар Тоқаев Шолпан-Атаға барды
-
11:55, 31 шілде 2026
31 шілдеде Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы
-
11:44, 31 шілде 2026
Түркістан облысының тұрғыны TikTok-тағы әрекеті үшін сот алдында жауап берді





