Ақтөбе облысында төрт мектептің күзетшілері жалақыларын ала алмай, қиналып жүр

20:37, 31 шілде 2026
MKZ: 1559090

© Сурет: Zakon.kz

Ақтөбе облысында төрт мектептің күзетшілері ұзақ уақыт бойы жалақыларын ала алмай, жан-жаққа шағымдануда. Олардың шағымына қатысты өңірлік білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының редакциясына хабарласқан күзетшілердің айтуынша, олар Мәртөк ауданының мектептерінде жұмыс істейді және мамыр, маусым айлары үшін әлі күнге дейін еңбекақыларын ала алмай жүр екен.

"Бұған дейін жиналыс өткізілген, бірақ онда да бізге ешқандай нақты бір мерзім айтылмады. Жалақы қашан беріледі?", деп жазады олар редакцияға жолдаған хатта.

Олардың шағымы Ақтөбе облыстық білім басқармасына жолданды. Ондағылар былай деп жауап берді:

"Осы аптаның соңына дейін қызмет көрсетушілерге көрсетілген қызметтер үшін төлемдер жүргізіледі".

Бұған дейін банктерден несие алып, 16 млн теңгеден аса қарызға батқан мұғалім сотқа жүгінгенін хабарлағанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!