Синоптиктер қай өңірлерде үсік жүретінін атады

18:41, 23 сәуір 2026

© Сурет: pixabay

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 24 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, еліміздің екі облысында түнде – 2 градус үсік күтіледі.

  • Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында;
  • Павлодар облысының солтүстігінде.
"Елдің көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлікдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сонымен қатар:

  • жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында;
  • төтенше өрт қаупі - Жетісу облысының оңтүстігінде.

Бұған дейін Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!