Ұшар алдында жанжал шығарған жолаушы Астана әуежайында рейстен түсірілді
© Сурет: polisia.kz
Астана қаласы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері Астана – Шымкент бағытындағы әуе рейсінен жолаушыны түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, 44 жастағы Тараз қаласының тұрғыны рейске отырғызу кезінде алкогольдік масаң күйде болып, өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан. Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
"Құқық бұзушыға қатысты қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болу, ұсақ бұзақылық жасау және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау фактілері бойынша жауапқа тартылды",- делінген ақпаратта.
Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынды.
Еске саламыз, әуе және теміржол көлігі объектілерінде тәртіп қағидаларын сақтау – әрбір жолаушының міндеті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, агрессивті мінез-құлық таныту және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Бұған дейін Павлодар облысында ақша бопсалаумен айналысқан жасөспірімдер ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:47, 23 сәуір 2026
Үсік жүріп, жаңбыр мен қар жауады: 24 сәуірде Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы күтіледі
-
21:28, 23 сәуір 2026
Елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы шетелдік инвесторлар ҚҚС-дан босатылуы мүмкін
-
21:15, 23 сәуір 2026
Жұмыртқа бағасын арзандату ұсынысы неге қолдау таппады - министрлік түсіндірмесі
-
20:58, 23 сәуір 2026
Атыраудың он жасар тұрғыны бір жылда 60-тан астам кітап оқыған
-
20:47, 23 сәуір 2026
Қазақстан мен Оман жаңа ынтымақтастық кезеңіне дайындалуда





