Көкшетауда колледж бухгалтері жымқырған ақшасына көлік пен пәтер сатып алған
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Көкшетауда төрт жыл бойы колледжді тонап келген бухгалтерге үкім шықты. Әйел мемлекеттік мекеменің шоттарынан 70 миллион теңгені шығарып үлгерген. Бұл қаражатты ол жылжымайтын мүлік, автокөлік сатып алуға және жеке несиелерін жабуға жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалына сүйенсек, Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің бухгалтері 2021–2025 жылдар аралығында бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқырып отырған. Ол қызметтік жағдайын және басшының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, "Online Bank" жүйесінде шығыс операцияларына қол қойып, колледж қажеттіліктері үшін деген сылтаумен әртүрлі сомаларды шешіп алып отырған, оған қоса өзіне белгіленген лимиттен тыс жалақы есептеп отырған. Осылайша, ол жалпы сомасы 70 млн.теңгені құрайтын аса ірі мөлшердегі қаражатты жымқырып, оны өзінің қажеттіліктеріне жұмсаған және Білім басқармасына аса ірі көлемде залал келтірген.
"Сотта ол кінәсін толық мойындап, 2021 жылдан 2025 жылға дейін алған қаражатты несиелері мен қарыздарын өтеуге жұмсағанын, автокөліктер, пәтер және автотұрақ орнын сатып алғанын көрсетті. А.-ның кінәсі аудиторлық есеппен, жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, банк көшірмелерімен, төлем тапсырмаларымен, айыпталушының кінәсін мойындауымен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді".Ақмола облыстық соты
Сот үкімімен ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Автокөліктер мен автотұрақ орны мемлекет кірісіне тәркіленді. Білім басқармасының пайдасына 65 млн.теңге (5 млн.теңге өтемақыны есепке ала отырып) өндірілді.
Сондай-ақ, оның кәмелетке толмаған баласы бар екенін және оны жалғыз тәрбиелейтінін ескере отырып (ҚК 74-бабының 1-бөлігі), сот бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді 2027 жылғы 22 сәуірге дейін кейінге қалдырды.
Сот актісі заң күшіне енбеген.
Бұған дейін Рудный әкімі заңсыз салынған нысанға байланысты сотты жеңіп шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:06, 22 сәуір 2026
Жаңбыр, бұршақ және тұман: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:42, 22 сәуір 2026
Қатыгездікпен өлтірілген: Павлодар облысында әйелдің мәйіті табылды
-
21:29, 22 сәуір 2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталды
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ҰҚК назарына ілікті





