Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды
© Фото: primeminister.kz
2026 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі отырысында "Ветеринария мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, құжат ветеринария саласындағы заңнаманы жетілдіруге және ветеринарлық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған. Заң жобасы аясында Кәсіпкерлік кодекске және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", сондай-ақ "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңдарға өзгерістер енгізу көзделіп отыр.
"Жобаға сәйкес, ветеринария саласындағы өкілеттіктер мемлекеттік басқару деңгейлері арасында нақты бөлінеді. Атап айтқанда, қан алу жүйелерін мемлекеттік сатып алу функциясын жергілікті атқарушы органдарға беру ұсынылады. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырлар), сою алаңдарын салу, қайта жаңарту және оларды күтіп ұстауды ұйымдастыру құзыреті жүктелмек",- деп атап өтті депутат.
Сондай-ақ ветеринарлық препараттарды сатып алу, оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану қызметтері, сонымен қатар, қауіпті ауруға шалдыққан жануарларды және адам мен жануар денсаулығына қауіп төндіретін өнімдер мен шикізатты алып қою және жою шығындарын өтеу функцияларын республикалық мемлекеттік мекемеге беру ұсынылған.
Заң жобасында ветеринар мамандардың мәртебесін көтеру және оларды әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылған. Атап айтқанда, жыл сайынғы еңбек демалысы кезінде екі лауазымдық жалақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысын төлеу, ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы белгілеу, түрлі үстемақылар енгізу және жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринарлық ұйымдардың қызметкерлерін арнайы киіммен қамтамасыз ету ұсынылады.
Айта кетейік, заң жобасына Үкіметтің, соның ішінде Республикалық бюджеттік комиссияның оң қорытындысы берілген. Құжатты іске асыру үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен шамамен 27 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның 22 млрд теңгесі ветеринария саласы мамандарын әлеуметтік қолдауға бағытталмақ.
Бұған дейін Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:15, 23 сәуір 2026
Жұмыртқа бағасын арзандату ұсынысы неге қолдау таппады - министрлік түсіндірмесі
-
20:58, 23 сәуір 2026
Атыраудың он жасар тұрғыны бір жылда 60-тан астам кітап оқыған
-
20:47, 23 сәуір 2026
Қазақстан мен Оман жаңа ынтымақтастық кезеңіне дайындалуда
-
20:47, 23 сәуір 2026
Тоқаев Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарын қабылдады
-
20:30, 23 сәуір 2026
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын уақытында вакцинацияламағаны үшін айыппұл салу көзделуде





