Ресейде қазақстандық танымал рэпер Ганвестке қатысты тағы да сот процесі басталмақ
© Сурет: Telegram/cartelgunwest
2026 жылғы 23 сәуірде Санкт-Петербург қаласындағы Невский аудандық сотына рэпер Руслан Гоминовқа (Ганвест) қатысты әкімшілік іс түскені хабарланды. Іс "интернет арқылы есірткі құралдарын насихаттау" бабы бойынша қозғалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылдың 23 сәуірінде РИА Новостиге Санкт-Петербург соттарының біріккен баспасөз қызметінің басшысы Дарья Лебедева айтты.
Іс материалдарында Ганвесттің бірқатар әндері аталған. Олардың қатарында: "Никотин", "Бардак", "В неадеквате", "Ананасовый сироп", "На Рахате", "Кайфули", "Кодинг/шнейне", "Хулиган" сияқты тректер бар. Бұл әндер оның әлеуметтік желідегі ашық парақшасында жарияланған.
"Тергеу нұсқасы бойынша, осы композицияларда Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 6.13-бабының 1.1-бөлігіне сәйкес есірткі насихатына ұқсас белгілер бар",- деді Лебедева.
Ганвест лақап атымен танымал Руслан Гоминов Ақтау қаласында дүниеге келген. Жасы – 33-те. Ол 2018 жылы "Никотин" әні арқылы кеңінен танылды. 2025 жылдың ортасынан бастап сөйлеу мәнерінде "пэпэ", "шнейне", "фа", "ватафа" секілді түсініксіз дыбыстарды жиі қолдануының арқасында қайтадан танымал бола бастады. Бұл дыбыстар кейбір деректерде Туретт синдромы кезіндегі сөйлеу тиктерін еске салатыны айтылған. Ашық ақпарат көздерінде ол қазақстандық әрі ресейлік рэпер ретінде сипатталады.
2026 жылдың басында Ресейде оған қатысты есірткі насихатына байланысты іс қозғалғаны белгілі болған. Кейін ол кейбір ескі әндерін қайта өңдеп, цензурадан өткізетінін мәлімдеген. Ал 2026 жылғы наурызда Мәскеу соты оның бір әніндегі мәтінді қоғамдық моральға қайшы деп танып, рэперге 95 мың рубль (шамамен 562 400 теңге) айыппұл салған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:47, 23 сәуір 2026
Үсік жүріп, жаңбыр мен қар жауады: 24 сәуірде Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы күтіледі
-
21:28, 23 сәуір 2026
Елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы шетелдік инвесторлар ҚҚС-дан босатылуы мүмкін
-
21:15, 23 сәуір 2026
Жұмыртқа бағасын арзандату ұсынысы неге қолдау таппады - министрлік түсіндірмесі
-
20:58, 23 сәуір 2026
Атыраудың он жасар тұрғыны бір жылда 60-тан астам кітап оқыған
-
20:47, 23 сәуір 2026
Қазақстан мен Оман жаңа ынтымақтастық кезеңіне дайындалуда





