Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
© Фото: akorda.kz
2026 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан президенті отандастарын Ұлттық кітап күнімен құттықтап, кітаптың қоғамдағы маңызына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, қазіргі таңда баспа саласында елеулі өзгерістер орын алып жатқанымен, кітап ешқашан рухани әрі адами құндылықтардың негізгі қайнар көзі ретіндегі маңызын жоғалтпайды.
"Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:10, 23 сәуір 2026
8 жыл бұрын жоғалған қазақстандықтың жеке басы ДНҚ арқылы анықталды
-
10:52, 23 сәуір 2026
Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды
-
10:39, 23 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагері хат жолдады
-
10:27, 23 сәуір 2026
Қазақстанда жаңа су қоймалары салынады
-
10:12, 23 сәуір 2026
Телефон алаяқтарынан қалай қорғану керек? Полиция кеңес берді





