Шымкенттегі аурухананы тарақан басқаны соншалық тоңазытқыштың ішінде өріп жүр
“Менің осы жерге келгеніме 4 күн болды. Аурухана деген аты болмаса, санитарлық талапқа мүлдем сай емес. Алғашында тараканды көріп зəре-құтым қашты. Медбикелерге шағымдандым. Олар қолымыздан келер еш қауқар жоқ деп жауап қатады. Тамақтанып, ас бату былай тұрсын жату мүмкін емес. Қараңғы қалай түседі,солай жəндіктер тыпырлап шығады. Айдың жарғымен қарасаң, сөре үсті, қабырғада жорғалап кетіп барады, тіпті ұйықтауға қорқасың”,-дейді Жұлдызай.
“Таракандардың барын білеміз. Апта сайын сөрелердің ішін, əр палатаны мұнтаздай етіп сүртіп, тазалап отырамыз. Қолымыздан келгенді жасап жатырмыз. Азайып жатыр, алдағы уақытта толығымен жоямыз”,-дейді дәрігер.
“Бас аяғы 10 күн емделіп емес осы жəндіктермен алысып шықтым десем де болды. Алған емің жайында қалады. Аптасына бір рет сүртіп шығатыны рас, алайда құр сөрелерді тазалағаннан олар көбеймесе азайған жоқ. Неге аурухана басшыларының бірі болмаса бірі жəндіктерге қарсы дəрі не дизинфекция жасау дегенді ойына алмайды. Неше түрлі жарасы жанына батқандар келеді. Шыны керек ауруын умытып, таракан мен арпалысып кетеді көбісі. Тыныштық пен дəруменді тағамдарды жеуді бұйырды дəрігер. Қайдан тыныштық болсын енді көз ілсең денең жыбырлап, жан жағың тыпырлап байыз таппайды сары жəндіктер. Ал келген тағамдарыңды сөреге салсаң, сол қаптаған жəндіктер мен бөлісіп жейсің. Ал асханасын ауызға алып айтпай ақ қояйын. Онда тіпті сорақы. Тоңазытқыш ішіндегі болып жатқан жағдайды көзіңмен көрсең тіпті жүрегің айниды”,-дейді емделуші.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:01, 9 мамыр 2026
Астанадағы Grand Slam турнирі: Аңсарбек Ғайнуллин қола медаль еншіледі
-
17:53, 9 мамыр 2026
Жеңіс күні: Батыс Қазақстан облысының әкімі майдангерлерге президенттің құттықтауын жеткізді
-
17:42, 9 мамыр 2026
Жексенбіде еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 9 мамыр 2026
Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде «алтынға» таласады
-
16:40, 9 мамыр 2026
Прагада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті





