Шымкентте жоғары шенді шенеунікке қатысты іс қозғалғаны рас па? ҰҚК түсініктеме берді

19:05, 9 қыркүйек 2026
MKZ: 1566013

© Фото: zakon.kz

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы Тұран аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұрат Бейсенбаевтың 2026 жылы 1 қыркүйекте қылмысы әшкереленгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Мұндай мәліметпен журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында бөлісті.

"Тергеу мәліметтері бойынша, ол өз қол астындағылары арқылы ұйымының оң қорытындысы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша алып отырған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі, яғни "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы пара алу" бойынша жүргізіліп жатыр", делінген жазбада.

Өз кезегінде Zakon.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне арнайы сауалмен жүгінді. Ведомство сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын нақтылап, мынаны да айта кетті:

"Қылмыстық-процессуальдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды".

Бейсенбаев Шымкенттегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментін 2023 жылғы 24 мамырдан бері басқарып келеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!