Бигфут америкалықтарды шошытты: полиция қызық жайттың мән-жайын ашты
© Сурет: pixabay
АҚШ-тың Мэн штатындағы полиция Дамарискотта қаласының көшелерінде Бигфуттың пайда болғаны туралы 911 нөміріне бірнеше қоңырау түскеннен кейін тексеру жүргізді. Алайда жұмбақ мақұлық костюм киген адам болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
New York Post басылымының полиция деректеріне сілтеме жасап жазуынша, сейсенбі күні құқық қорғау органдарына қар адамына ұқсайтын мақұлық туралы әдеттегіден көп хабарлама түскен. Тұрғындар тіпті үстіне жүн жамылған, басына цилиндр қалпақ киген бейнені суретке түсіріп үлгерген.
Көп ұзамай офицер Уильям Смит қаланың орталық көшесінде отырған "Бигфутты" тапты. Оның өте шынайы костюм киген адам екені анықталды.
"Ұзаққа созылған, жан-жақты әрі аса байыпты тексеруден кейін мынадай қорытындыға келдік: Бигфут жоқ", – деп әзілдеді полиция өкілдері.
Құқық бұзушылық белгілері анықталмағандықтан, ер адам ұсталмады.
Бұған дейін Қазақстанда ғылыми мақсатта жануарларды аулауға арналған квоталарды белгілеу қағидалары бекітілгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:33, 23 қазан 2026
Шанхайда ерекше сәулетті опера театры ашылды
-
13:00, 23 қазан 2026
Чернобыльде сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
-
12:19, 23 қазан 2026
Непалдағы 7140 метрлік шыңда екі альпинист жоғалып кетті
-
11:36, 23 қазан 2026
Сауд Арабиясы «Мукааб» алып текше ғимараты жобасына өзгеріс енгізді
-
10:45, 23 қазан 2026
Тибеттегі жер сілкінісі: 16 адам қаза тауып, жүздеген үй қирады





