Атырауда «Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы басталды

12:36, 9 қыркүйек 2026
MKZ: 1565935

© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау төрінде креативті жастар мен сарапшылардың басын қосқан дәстүрлі "Saraishyq Upgrade 2026" халықаралық жастар форумы басталды. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан ауқымды шара "Infinity Event Hall" кешенінде өтуде.

Биылғы форумға 4 шет мемлекет Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузиядан және Қазақстанның 15 облысынан 100-ден астам қонақ келді. Жергілікті белсенділермен қосқанда қатысушылардың жалпы саны 300-ден асады.

Атырау төрінде креативті жастар мен сарапшылардың басын қосқан дәстүрлі "Saraishyq Upgrade 2026" халықаралық жастар форумы басталды. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан ауқымды шара "Infinity Event Hall" кешенінде өтуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 12:36

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қатысып, жастарға қолдау білдірді.

"Мемлекет басшысының басты тапсырмасының бірі — креативті индустрияны дамыту. Осы орайда өңірлерде креатив хабтар ашылды. Таланттарды анықтау, олардың жобаларына қолдау жасау бағытында бүгінгі форумның маңызы жоғары",- деді облыс әкімі.
Атырау төрінде креативті жастар мен сарапшылардың басын қосқан дәстүрлі "Saraishyq Upgrade 2026" халықаралық жастар форумы басталды. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан ауқымды шара "Infinity Event Hall" кешенінде өтуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 12:36

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Форум жұмысы заманауи креативті индустрияның 6 негізгі бағыты бойынша өтуде. Кинематография, Маркетинг, Музыка, Event индустрия, Хореография, Жасанды интеллект бойынша сарапшылар келді.

Форум қатысушыларының бірі Ақтау қаласынан келген Мырзатай Нұрсұлтан жыл сайын бұл форумды жібермей қатысатынын айтты. Осымен ол үшінші рет командасымен келіп кино бағыты бойынша қатысуда.

Атырау төрінде креативті жастар мен сарапшылардың басын қосқан дәстүрлі "Saraishyq Upgrade 2026" халықаралық жастар форумы басталды. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан ауқымды шара "Infinity Event Hall" кешенінде өтуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 12:36

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екі күнге созылатын бағдарлама аясында пленарлық сессиялар, шеберлік сағаттары мен кейс-стадилер ұйымдастырылған. Сонымен қатар қатысушылар үшін "Хан Ордалы Сарайшық" музей-қорығына тарихи-танымдық экскурсия қарастырылған.

Форумның басты ерекшелігі – жас таланттарды қолдауға бағытталған "Үздік жоба үшін Grant" байқауы. 6 бағыт бойынша үздік шыққан жобалардың әрқайсысына өз идеясын жүзеге асыру үшін 500 000 теңгеден (жалпы гранттық қоры 3 млн теңге) қаржылай сыйақы беріледі.

Атырау төрінде креативті жастар мен сарапшылардың басын қосқан дәстүрлі "Saraishyq Upgrade 2026" халықаралық жастар форумы басталды. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан ауқымды шара "Infinity Event Hall" кешенінде өтуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 12:36

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ қатысушылар арасында креативті мазмұнды бағалайтын "Үздік жарияланымдар" SMM-байқауы өтуде.

Атырау төрінде креативті жастар мен сарапшылардың басын қосқан дәстүрлі "Saraishyq Upgrade 2026" халықаралық жастар форумы басталды. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан ауқымды шара "Infinity Event Hall" кешенінде өтуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 12:36

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!