БҚО-да әйел адамды қағып, мерт еткен көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен
© Сурет: pexels
Батыс Қазақстан облысы, Круглоозерное ауылында қайғылы жағдай орын алды. Белгісіз жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымен оқиға орнынан түсірілген кадрлар мен куәгерлердің сөзі әлеуметтік желіде пайда болды. Кейін кісі өліміне әкеліп соқтырған жол апаты туралы мәліметті құқық қорғау органдары ресми түрде растады.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның 2026 жылы 8 қыркүйекте кешкі уақытта болғанын нақтылады.
"Белгісіз жүргізуші кешқұрым уақытта келе жатып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, содан кейін оқиға орнынан ізін суытқан. Жол апаты салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырса, екіншісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", деп хабарлады ведомстводан 2026 жылы 9 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне.
Қоңырау түсе салысымен дереу оқиға орнына полицейлер аттанды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай ұстау мүмкін болған.
"Жүргізушінің жеке басы мен автокөліктің тұрған жері анықталды. Аталғaн факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", деп толықтырды БҚО ПД.
Іс бойынша тергеу амалдары қолға алынды, ал тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:40, 10 қазан 2026
Қазақстанда германиялық туристер қиындыққа тап болды
-
15:08, 10 қазан 2026
Түркияда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына бақылау күшейтіледі
-
14:36, 10 қазан 2026
Рыбакина Алматыны сүйікті қалаларының бірі деп атады
-
14:04, 10 қазан 2026
Жетісайдан Шымкентке жол апатынан зардап шеккен ер адам тікұшақпен жеткізілді
-
13:31, 10 қазан 2026
Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға келеді





