Шымкентте заңсыз есірткі жарнамасын таратқан күдікті қамауға алынды
© Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалауға байланысты қылмыстық әрекеттің жолын кесті.
Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйлердің қабырғалары мен қоршауларға есірткі сататын интернет-ресурстардың жазбаларын қалдырып жүрген ер адам ұсталды.
Тергеу мәліметінше, ол қаңтар айынан бастап қала аумағында жүйелі түрде граффити салып, мессенджерлер арқылы жұмыс істейтін есірткі тарату арналарына сілтемелерді насихаттаған.
Күдікті кезекті жазбаны қалдыру кезінде қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Есірткі жарнамасын орналастыру – азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына тартуға бағытталған қылмыстық схеманың бір бөлігі.
Қала аумағында мұндай қылмыстарды анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:19, 2 наурыз 2026
Қазақстан азаматтары мүгедектік пен асыраушысын жоғалтқан жағдайда қанша жәрдемақы алады
-
12:07, 2 наурыз 2026
Қызылорда облысында 20-дан астам су басу қаупі бар елді мекен бар
-
11:56, 2 наурыз 2026
Қазақстан үш жаңа келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр
-
11:46, 2 наурыз 2026
Маңғыстау облысында екі сотталғанға қатысты жаза түрі өзгертілді
-
11:38, 2 наурыз 2026
Адвокаттар мен нотариустарға қойылатын талаптар жаңартылды





