Иранға жасалған шабуыл: қорғаныс министрінің қаза тапқаны расталды

14:23, 1 наурыз 2026

© Фото: zakon.kz

Иран бұқаралық ақпарат құралдары Израиль мен АҚШ шабуылдарынан кейін елдің қорғаныс министрі қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иранға жасалған соққылар салдарынан жоғары лауазымды әскери басшылар мен шенеуніктердің көз жұмғаны белгілі болды. Бұл туралы мемлекеттік IRIB телеарнасы мәлімдеді.

Телеарна дерегінше, қаза тапқандар арасында Иран қарулы күштері бас штабының бастығы Сейед Абдулрахим Мусави және Қорғаныс министрі Азиз Насирзаде бар.

Сондай-ақ Ислам революциясы сақшылар корпусының бас қолбасшысы Мохаммад Пакпур және Қорғаныс кеңесінің хатшысы Али Шамхани да қаза тапқаны хабарланды.

Бұған дейін Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Жоғарғы көшбасшы Али Хаменеи қаза тапқаннан кейін уақытша басқару кеңесі құрылатынын жариялаған еді.

Еске салайық, Али Хаменеи 2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ шабуылдарының салдарынан көз жұмды. Оның ресми түрде тағайындалған мұрагері болмаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!