Қызылорда облысында 20-дан астам су басу қаупі бар елді мекен бар

12:07, 2 наурыз 2026

© Фото: primeminister.kz

Қызылорда облысында Сырдария өзені бойында 20-дан астам су басу қаупі бар елді мекен белгіленген.

Төтенше жағдайлар департаменті мен азаматтық қорғаныс құрылымы бірлесіп су тасқынына қарсы дайындық шараларын пысықтады, деп жазады qazaqstan.tv.

Қала іргесіндегі Талсуат ауылы өзеннің жағасына жақын орналасқан. Жыл сайын көктемде Сырдарияның деңгейі көтеріліп, елді мекенге қауіп төнеді.

Сондықтан, құтқарушылар аталған аумақта бөгеттерді нығайтып, төтенше жағдайдың алдын алу бойынша бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Оған 100-ден аса адам, 32 техника қатысты.

Қызылорда қаласы бойынша бес қауіпті участок. Оның бірі Талсуат елді мекені болып саналады. Практикалық іс-шара ұйымдастырылуда атап айтсақ эвакуация жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар қап қаптау, бөгеттерді нығайту жұмыстары, сонымен қатар зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жандос Досымов, ТЖД басқармасының бастығы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!