Маңғыстау облысында екі сотталғанға қатысты жаза түрі өзгертілді
© Фото: pexels
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған екі сотталғанның ісі аудандық сотта қаралды.
Аталған азаматтардың бірі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы – алаяқтық, екіншісі 188-бабы – ұрлық бойынша сотталған.
Екі азамат та пробация есебіне екі ай бұрын алынған. Алайда олар жаза өтеу тәртібін жүйелі түрде бұзған.
Атап айтқанда, тұрғылықты мекенжайында болмаған, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген және пробация қызметін хабардар етпестен тұрғылықты жерінен шығып кеткен.
Бірнеше рет ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, сотталғандар белгіленген талаптарды орындамаған. Осыған байланысты пробация инспекторлары сотқа жаза түрін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс енгізді.
Сот бұл ұсынысты қанағаттандырып, екі сотталғанды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберу жөнінде шешім қабылдады. Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Тлектес Худайбергенованың айтуынша, пробация есебінде тұрған азаматтардың заң талаптарын сақтауына барлық мүмкіндік жасалады.
"Пробация қызметінің басты мақсаты – сотталғандарды қоғамнан оқшауламай, түзелу жолына бағыттау. Алайда сот белгілеген талаптарды қасақана әрі жүйелі түрде бұзу жаза түрін қатаңдатуға негіз болады. Әрбір сотталған жаза өтеу тәртібін сақтауға міндетті, – деді бөлім басшысы.
Сот отырысы көрсетілімдік форматта өтіп, пробация есебінде тұрған өзге тұлғалардың қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – сотталғандарға заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру, жаза тәртібін бұзудың салдарын көрсету және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:29, 2 наурыз 2026
Айбек Дәдебай: Президент жаңа Конституция мәтінін дайындауға тікелей қатысты
-
13:29, 2 наурыз 2026
Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор - Айбек Дәдебай
-
13:15, 2 наурыз 2026
Ұлттық банк долларға қатысты жаңа мәлімдеме жасады
-
13:07, 2 наурыз 2026
Қазақстанның 4 мыңнан астам азаматы БАӘ мен Қатарда: оларға қалай көмек көрсетілуде
-
12:54, 2 наурыз 2026
Жетісу облысында полицейлер жолда көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті





