2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

17:45, 1 наурыз 2026

© Сурет: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 02 наурызда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 02 наурыз түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 02 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 02 наурызда тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында туман күтіледі. Ақтау қ.: 02 наурызда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.

Астанада таңертең және күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 02 наурызда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қостанай облысында қар, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында туман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанай қ.: 02 наурызда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 02 наурызда түнде кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз Жарма ауданында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 02 наурызда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Қызылорда қ: 02 наурызда көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 02 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!