Әкімдіктерге қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл салу құқығы берілді
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) тиісті толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, ӘҚБтК-нің 804-бабына толықтырулар жасалып, қоғамдық орындарды ластағаны үшін көзделген 434-2-бап бойынша әкімшілік хаттама толтыру құқығы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың әкімдіктеріне берілді.
Еске салайық, қоғамдық пайдаланудағы орындарға халыққа ашық әрі қолжетімді аумақтар мен нысандар жатады.
Бұған дейін аталған бап бойынша айыппұл салу құқығы тек полиция қызметкерлеріне тиесілі болса, енді бұл өкілеттік жергілікті атқарушы органдарға да беріліп отыр. Аталған құқық бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы — 43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылады.
Жаңа норма әкімдіктерге қоғамдық орындарды, саябақтар мен скверлерді ластағаны, сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастағаны үшін құқық бұзушыларды жедел әрі тиімді жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:46, 2 наурыз 2026
Маңғыстау облысында екі сотталғанға қатысты жаза түрі өзгертілді
-
11:38, 2 наурыз 2026
Адвокаттар мен нотариустарға қойылатын талаптар жаңартылды
-
11:26, 2 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты мұнай бағасы күрт көтерілді
-
11:17, 2 наурыз 2026
2 наурыз: Қазақстандағы айырбастау пункттеріндегі шетел валютасының бағамы
-
11:09, 2 наурыз 2026
Синоптиктер ескертеді: 3–5 наурызда елде жел күшейеді және тұман түседі





