Хаменеиінің уақытша мұрагері сайланды
© Фото: zakon.kz
Аятолла Әлиреза Арафи жаңа Жоғарғы көшбасшы сайланғанға дейін елді басқаратын үш адамнан тұратын уақытша жетекшілік кеңестің құрамына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
67 жастағы дін қызметкері – Конституция сақшылары кеңесінің мүшесі. Дәл осы орган кейіннен жаңа Жоғарғы көшбасшыны таңдайды. Оның кандидатурасын Иранның Мақсатқа сәйкестік жөніндегі кеңесі бекіткен, деп жазды Al Jazeera.
Кеңес құрамында Арафи сот билігінің басшысы Голам-Хоссейн Мохсени-Эджеи және президент Масуд Пезешкианмен бірге жұмыс істейді.
Сондай-ақ Ислам революциясы сақшылары корпусы мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Әли Лариджани де негізгі рөл атқарады. Алайда билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік әзірге нақты айқын емес.
Сонымен қатар Ислам революциясы сақшылары корпусы бас қолбасшысы бір жылға жетпейтін уақыт ішінде екінші рет қаза тапқаны хабарланды. Бұл әскери-экономикалық құрылымның жаңа жетекшісінің есімі әлі жарияланған жоқ.
КСИР-ге жақын Telegram-арналарында ықтимал кандидаттар қатарында корпус басшысының орынбасары Ахмад Вахидидің есімі аталады. Оны осыдан екі ай бұрын бұл қызметке Хаменеи тағайындаған болатын.
Таяу Шығыста кезекті дағдарыс өршіді. 2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Бұған жауап ретінде Иран Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ әскери базалары мен Израильге зымырандар ұшырды. Қақтығыстар салдарынан жүздеген адам, соның ішінде аятолла Хаменеи бастаған жоғары басшылық өкілдері қаза тапты. Оның резиденциясы да соққыдан қирағаны хабарланды.
Жоғарғы көшбасшының нақты мұрагері болмаған. Хаменеи қаза тапқаннан кейін КСИР АҚШ-тың әскери базаларына қарсы Иран Қарулы күштері тарихындағы "ең қуатты шабуыл операциясын" жүргізетінін мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан да қатаң ескертулер жасалды.
Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі Жоғарғы көшбасшы Али Хаменеи қаза тапқаннан кейін уақытша жетекшілік кеңес құрылғанын ресми түрде жариялады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 1 наурыз 2026
2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
17:01, 1 наурыз 2026
Президент Қатар мемлекетінің әмірімен телефон арқылы сөйлесті
-
15:55, 1 наурыз 2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр
-
15:53, 1 наурыз 2026
Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
-
15:14, 1 наурыз 2026
БАӘ-дегі Қазақстан елшілігі отандастарға көмек көрсетуге шақырды





