Шымкентте студенттерді әлеуметтік желі арқылы алдаған күдіктілер ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласының полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мегаполистегі жоғары оқу орындарының бірінің студенттерін алдау схемасының жолын кесті.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2025 жылдың қазан айынан бастап екі күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы студенттердің парақшаларын анықтап, арнайы боттардың көмегімен олардың ұялы телефон нөмірлері мен жеке деректерін жинаған.
Кейін оқу орнының портал жүйесі арқылы студенттердің үлгерім көрсеткіштерін тексеріп, кейбір студенттердің сынақтар бойынша жеткіліксіз балдары барын анықтаған.
Күдіктілер студенттерге уақытша нөмірлер арқылы мессенджерде хабарласып, өздерін университет қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар сынақтан өту үшін бір балл жетіспейтінін, сол себептен академиялық қарыз немесе емтиханға жіберілмеу қаупі бар екенін айтып, "мәселені шешіп беруді" және бағаларды "түзетуді" ұсынған.
Осы жалған қызмет үшін әр студенттен 70-80 мың теңге алып, хабарсыз кеткен. Қазіргі таңда күдіктілердің алты эпизодқа қатысы бар екені анықталды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды интернет-алаяқтардың әрекеттеріне қарсы сақ болуға шақырады.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы түрлі ұйымдар немесе қызметтердің атынан хабарласқан жағдайда, "шұғыл мәселе" деп қорқытып ақша аударуға көндіру әрекеттеріне сенбеңіз.
Жеке деректеріңізді, растау кодтарын бөгде адамдарға бермеңіз, бейтаныс тұлғалардың шоттарына ақша аудармаңыз. Күдік туындаған жағдайда хабарлауды дереу тоқтатып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 27 ақпан 2026
Қазақстандық балуан қыздар Еуропада тартысты белдесулер өткізуде
-
13:30, 27 ақпан 2026
Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктінің ұсталған видеосы жарияланды
-
13:23, 27 ақпан 2026
Мемлекеттік кірістердің ақпараттық жүйелері қысқартылуда
-
13:18, 27 ақпан 2026
Қаржы министрлігі: Еліміздің транзит әлеуетін дамыту басты назарда
-
13:04, 27 ақпан 2026
Абай облысында 20 млн теңгеден астам шығынға әкелген алаяқтық дерегі әшкереленді





