Мемлекеттік кірістердің ақпараттық жүйелері қысқартылуда
© Фото: pexels
Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістердің ақпарат жүйелерін 14-тен 5-ке дейін қысқартып, ауқымды оңтайландыру процесін жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салықтық және кедендік әкімшілендіруді технологиялық тұрғыдан біртұтас дамыту үшін СӘИЖ, Keden, SDF, ТБЖ және ЭШФ сынды заманауи интеграцияланған жүйелер енгізілді. Бұл туралы ведомствоның алқалы жиынында ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.
"Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі (СӘИЖ) 2,2 млн салық төлеушіні біріктірді. Жүйені енгізудің арқасында операциялық күнді аяқтау уақыты 18 сағаттан 3 сағатқа дейін, онлайн төлемдерді өңдеу 15-тен 3 минутқа дейін, ал құжаттарды өңдеу 1 сағаттан 1 минутқа дейін азайды. ҚҚС бойынша декларацияларды алдын ала толтыру жолға қойылып, ЖИ-агенті мен ЖИ-салық маманын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді",- делінген ақпаратта.
Smart Data Finance жүйесі жылжымайтын мүлік, көлік, мобильді аударымдар, нотариаттық мәмілелер және рейстер туралы ақпаратты қоса алғанда, 78 көзден алынған деректердің бірыңғай "айдынын" құруға септесті. Бұл салық төлеушінің цифрлы бейінін құруға мүмкіндік берді. 2026 жылы декларацияларды толтыру, бюджетті болжау үшін ЖИ енгізу, трансферттік баға белгілеуді дамыту және цифрлы деректер фабрикасын құру жоспарланған.
Бұл ретте, 2024 жылдың сәуір айынан бастап "АСТАНА-1" мен "Бірыңғай терезені" ауыстыруға арналған KEDEN жүйесі енгізіліп жатқаны атап өтілді.
Бүгінде 26 млрд теңгеге 1,5 млн транзит декларациясы шығарылып, 7 млн халықаралық пошта жөнелтімі және 1,3 млн жолаушылар декларациясы өңделді. Мемлекеттік органдармен 46 интеграция жүзеге асырылды. 2026 жылдың наурыз айында "тауарлар декларациясы" негізгі модулі іске қосылады.
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру аясында Қазақстанда қызмет көрсететін шетелдік интернет-алаңдарды есепке қою қамтамасыз етілді. Келесі кезең – БСН беру, дербес шоттарды жүргізу және ҚР-да банк шоттарын ашу мүмкіндігімен шетелдік платформаларға мамандандырылған жеке кабинет құру арқылы процесті автоматтандыру.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:04, 27 ақпан 2026
Алматының бір ауданында автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді
-
14:54, 27 ақпан 2026
Қазақстанда бақыланатын есірткі және психотроптық заттардың тізімі жаңартылды
-
14:45, 27 ақпан 2026
Қазақстандық диагнозына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылып қалды
-
14:37, 27 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Сербия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
-
14:25, 27 ақпан 2026
Қалың қар және тұман: Алматыда дауылды ескерту жарияланды





