Қаржы министрлігі: Еліміздің транзит әлеуетін дамыту басты назарда
© Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысының транзит әлеуетін дамыту және кедендік инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асырып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, "Жібек Жолы" өткізу пунктінде тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін өткізу қабілеті тәулігіне 70 мың адамға, 2 мың жеңіл автокөлікке және 200 автобусқа жетті. Тұтастай алғанда, жыл соңына дейін жаңғыртылған пункттердің өткізу мүмкіндігі 5 млн автокөлікке дейін жетеді деп көзделген. Бұл туралы 26 ақпандағы Қаржы министрлігінің алқа отырысында айтылды.
"2026 жылғы тамыз айында Бас диспетчерлік басқарма ашылады. Жаңа орталық тауарлардың кеденнен өтуін бір жерден бақылауға мүмкіндік береді. Өзбекстанмен бірлесіп, "жіксіз транзит" қанатқақты жобасы іске асырылып жатыр. Жоба экспорттық және транзит декларацияларын қайта құрылымдауды автоматтандырып, бақылаудан өтуді жеңілдетіп, рәсімдеу уақытын азайтады. KEDEN жүйесі Smart Cargo платформасы мен интеграцияланды",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, наурызда "Тауарлар декларациясы" модулі іске қосылады. Тың тетік экспорт, импорт, кедендік транзит, қайта өңдеуді қоса алғанда 17 рәсімді қамтиды. Бір мезетте жүкті алып кетуді растау, декларацияларды түзету және қамтамасыз етуді есептеу модульдері іске қосылады.
Бұған дейін 2025 жылы мемлекеттің бюджеті 3 трлн теңгеге ұлғайғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:04, 27 ақпан 2026
Алматының бір ауданында автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді
-
14:54, 27 ақпан 2026
Қазақстанда бақыланатын есірткі және психотроптық заттардың тізімі жаңартылды
-
14:45, 27 ақпан 2026
Қазақстандық диагнозына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылып қалды
-
14:37, 27 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Сербия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
-
14:25, 27 ақпан 2026
Қалың қар және тұман: Алматыда дауылды ескерту жарияланды





