Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстады
© Фото: Zakon.kz
Киберполицейлер Шымкент қаласының тұрғындары зардап шеккен алаяқтық схеманың жолын кесті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.
Ол Алматы қаласында тұратын интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерді ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысы бар шетелдік азамат. Алаяқтық схемасы психологиялық қысым көрсетуге негізделген: күдіктілер жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін банк немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуға көндірген.
Соның салдарынан азаматтар өз жинақтарынан айырылған. Қазіргі таңда алаяқтықтың үш фактісі анықталды. Келтірілген жалпы шығын шамамен 8 миллион теңгені құрайды.
Тексеру барысында ұрланған қаражат аударылған шоттар да анықталды. Олар Алматыда тұратын төрт шетелдік студенттің атына рәсімделгені белгілі болды. Олардың банк карталары мен шоттары заңсыз схема аясында пайдаланылып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және әрі қарай аудару үшін қызмет атқарған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция азаматтарды мұқият болуға шақырады: бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіздер, оларлың нұсқауымен қаржылық операциялар жасамаңыздар. Банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:28, 27 сәуір 2026
Қазақстанға қандай мамандар жетіспейді
-
12:13, 27 сәуір 2026
Павлодарда мас күйдегі жүргізушіге рөл бергені үшін екі азамат жауапқа тартылды
-
11:52, 27 сәуір 2026
Қазақстанға 34 градусқа дейін аптап ыстық келеді
-
11:33, 27 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
-
11:11, 27 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамдары





