Шымкентте қыз алып қашу кезінде видеоға түсіп қалған жігіттің соты болды

18:14, 16 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Шымкент қаласында қыз алып қашу фактісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған қылмыстық іс Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Сотта Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны Instagram арқылы шымкенттік қызбен танысқаны анықталды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін сотталушы Шымкент қаласына келіп, қызды үйлену мақсатында Жаңаөзен қаласына күштеп алып қашқан.

Сотта сотталушы өз кінәсін мойындады. Жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп, бас бостандығынан айырмайтын жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

"Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың болмауын, жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оның кінәсін толық мойындауын, жеке басын, бұрын сотты болмағанын және жәбірленушінің сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған пікірін ескерді.Сот үкімімен Г. ҚК-нің 125-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты деп белгіленді", деп хабарлады 2024 жылы 16 сәуірде Шымкент қалалық соты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қыз алып қашу сәтінің видеосы төменде (02.02.2024)


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!