Қазақстандағы су тасқыны: АҚШ азаматы да тұрғындарға көмектесіп жүр

22:15, 30 сәуір 2024

© Сурет: видео скрині

Су басқан елді мекендерге мемлекеттердің көмегінен бөлек, жекелеген шет ел азаматтары да қол ұшын созды. Сондай азаматтардың бірі - Джон Фелл, деп хабарлайды Zakon.kz.

Джон Фелл - АҚШ-тың Оңтүстік Луизиана штатынан келген маман. Жергілікті мұнай компаниясында жұмыс істейді.

60 шақты әріптесімен бірге жергілікті тұрғындарға көмек көрсетіп, көпшіліктің ортасынан табылды.

"Біздің Луизиана штатында жылына 3-4 рет су тасиды. Сондықтан тасқынмен күресте біраз тәжірибем бар. Бар білетінімді Жайық жағасын бекітуде пайдаланып жатырмын", - деді ол.

Оның айтуынша, Атырау оның екінші үйі болып кеткен. Отбасы да осында екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!