Депутат республикалық су комиссиясын құруды ұсынды

21:04, 30 сәуір 2024

© Фото: zakon.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған "Біз біргеміз" ұлттық телемарафоны эфирінде заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен бөгеттерді қайтару үшін республикалық су комиссиясын құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Базарбек алдағы уақытта Қазақстанда ірі су тасқыны қаупін барынша азайтатын шараларды айтты.

"Бірінші кезекте жер комиссиясы сияқты республикалық су комиссиясын құру қажет. Жер комиссиясы бар екенін білесіздер. Оның жұмысының нәтижесі бойынша мемлекетке 10 млн га қайтарылды. Су комиссиясы шеңберінде өз уақытында су объектілерін – су қоймаларын, бөгеттерді берудің заңдылығын (жеке қолдарға – Ред.) тексеру қажет. Прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Су ресурстары министрлігі өкілдерінің, Парламент депутаттарының қатысуымен тексеру қажет. Заңсыз берілген объектілерді, сондай – ақ қызмет көрсету шаралары жүргізілмейтін объектілерді мемлекетке қайтару қажет", - деп атап өтті мәжілісмен.

Сонымен қатар ол ғарыштық мониторинг жүргізуді, су ресурстарын басқару жүйесін автоматтандыруды, су және жер кадастрларын біріктіруді ұсынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!