Бас прокуратура экс-министр Тұрғымбаевтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

09:50, 30 сәуір 2024

© Сурет: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты бүгін, 2024 жылдың 30 сәуірінде еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған мәлімдемеден Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатқаны белгілі болды.

"Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды." Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!