Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты
© Сурет: polisia.kz
ІІМ бұрын жасалған қылмыстарды ашу бағытындағы жұмысты тұрақты түрде үйлестіріп келеді. 2026 жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегі ашылды. Оның ішінде төрт жағдайда жәбірленушілердің өлімі орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, Павлодар облысында төрт жыл бұрын жасалған адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы ашылды. 2022 жылдың қыркүйегінде Шарбақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Оның денесінде көптеген жарақат белгілері болған. Жедел-тергеу іс-шараларының жүргізілгеніне қарамастан, қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмады.
2026 жылы полиция қызметкерлерінің мұқият жұмысы, қосымша жедел-іздестіру шараларын жүргізуі және марқұмның байланыс ортасын толық тексеруі нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қаза тапқан азаматтың танысы болып шықты. Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Араларында туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, соның салдарынан ол көз жұмған.
9 ақпанда жиналған дәлелдердің негізінде күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Наурыз айында Павлодар облысы Шарбақты аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Алматыда 71 жастағы зейнеткер өз-өзіне қол жұмсағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:25, 11 маусым 2026
Конституциялық Сот ҚПК-дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды
-
10:12, 11 маусым 2026
Алматылық полицейлер заң бұзған бірқатар жүргізушіні анықтады - видео
-
09:56, 11 маусым 2026
Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді
-
09:37, 11 маусым 2026
Қазақстанда қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелері жаңартылды
-
09:02, 11 маусым 2026
Қазақстанда ірі айналма жолдардың бірінің техникалық жағдайы тексеріледі





