Қазақстанда қарыз туралы ақпарат коллекторларға қашан өтеді

12:10, 11 маусым 2026

© Фото: freepik

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлармен өзара іс-қимыл кезінде нені білу маңызды екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кредитор қарызды коллекторларға қашан береді

Банктер және микроқаржы ұйымдары қарыз алушыны төлем мерзімі өткені туралы ол туындаған сәтттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде хабардар етеді және қайта құрылымдау ұсынады.

Егер берешек реттелмесе және мерзімін өткізу 90 күннен асып кетсе, кредитор борышты сатуға (құқықтарды (талаптарды) басқаға беруге) немесе оны коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алуға беруге құқылы.

Бұл ретте 2024 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтардың кредиттері бойынша құқықтарды (талаптарды) коллекторлық агенттіктерге беруге екі жылдық мораторий енгізілді, ол оны 1 жылға – 2027 жылғы 1 мамырға дейін қосымша ұзартуды ескере отырып қолданылатын болады.

"Бұл кезеңде азаматтардың қарыздарын коллекторларға сатуға тыйым салынады және реттеу тек қайта құрылымдау, айыппұлдарды, өсімпұлдар мен комиссияларды кешіру не талап ету құқығын басқаға өткізбей берешекті сотқа дейін өндіріп алуға беру арқылы мүмкін болады. Мораторий аяқталғаннан кейін борышты басқаға беру тек мерзімін өткізу 24 айдан асқан және кредитор міндетті түрде өсімпұлды кешіре отырып реттеу рәсімдерін жүргізген кезде ғана рұқсат етіледі".ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Борышкердің құқықтары мен міндеттері қандай

Заңнама азаматтардың мүдделерін қорғайды, сондай-ақ оларға сындарлы диалог үшін белгілі бір жауапкершілік жүктейді.

Борышкер құқылы:

  • коллекторлық агенттік, берешектің құрылымы мен мөлшері туралы мәліметтер талап етуге;
  • өзіне ыңғайлы тәсілді және өзара әрекеттесу кезеңін таңдауға, сондай-ақ барлық қарым-қатынас процесін тіркеуге (жазуға);
  • берешекті сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге немесе коллекторлық агенттіктің талаптарын сотта даулауға;
  • коллекторлық агенттіктің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.

Борышкер міндетті:

  • коллекторлық агенттікке өзінің тұрғылықты жерінің, телефон нөмірінің және жеке басын куәландыратын құжаттардың, байланыс деректерінің өзгергені туралы хабарлауға;
  • берешекті реттеу жөнінде коллекторлық агенттікпен өзара іс-қимыл жасауға міндетті.

Коллекторлар қалай жұмыс істеуге тиіс

Заң борышкермен байланыс жиілігін реттейді және коллекторлық агенттіктерді өздері туралы ақпаратты толық ашуға міндеттейді.

Борышкермен өзара іс-қимыл жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін рұқсат етіледі және саны бойынша шектелген:

  • телефон қоңыраулары – коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша күніне үш реттен артық емес;
  • жеке кездесулер – күніне бір реттен артық емес және аптасына үш реттен артық емес;
  • хабарламалар – жазбаша, сондай-ақ ұялы байланыс арқылы мәтіндік және дауыстық хабарламалар жіберуге рұқсат етіледі.

борышкермен әрбiр байланысқа түскен кезде коллекторлық агенттiктiң қызметкерi компанияның атауы мен мекенжайын, есептiк тiркеу нөмiрiн, кредитордың атауын, сондай-ақ өзiнiң аты-жөнi мен лауазымын хабарлауға мiндеттi.

Коллекторларға не істеуге тыйым салынады

Коллекторлық агенттіктерге борышкермен өзара іс-қимыл кезінде мыналарға:

  • борышкерді берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздемесіне қатысты жаңылыстыруға;
  • коллекторлық агенттік қызметкерінің аты-жөні, сондай-ақ жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы жалған ақпарат айтуға;
  • борышкердің намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға немесе борышкердің мүдделеріне мүліктік залал келтіре алатын мәліметтерді жария етуге;
  • борышкердің құқығы мен бостандығына қол сұғатын, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ оған мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін заңсыз әрекеттерді орындауға;
  • зорлық көрсету немесе борышкердің мүлкін жою немесе зақымдау қаупін төндіру, қорлау, алаяқтық, құжаттарды ауыстыру, бопсалау арқылы қысым көрсетуге жол берілмейді.

Борышкердің құқығы бұзылған жағдайда не істеу керек

Коллекторлық агенттіктің заңсыз әрекеттері кезінде борышкер субъектінің атауын және бұзушылықтың нақты фактісін көрсете отырып, Агенттікке шағымдануға құқылы.

Агенттік келіп түскен шағым шеңберінде құжаттық тексеру тағайындайды, оның нәтижелері бойынша тексерілетін субъектіге қатысты заң талаптарын бұзу фактісі расталған жағдайда тиісті қадағалау шаралары қолданылатын болады.

Мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстанда қызметті жүзеге асыруға құқығы бар коллекторлық агенттіктердің өзекті тізілімі Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!