БҚО-дағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам қаза тауып, тағы сегізі зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе-Астрахань тас жолында үш көлік соқтығысты. Жантүршігерлік жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, тағы сегізі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылы маңында болды. DAF пен қос Toyota Camry соғысып, артынша бірі өртеніп кетеді.
Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Бөлшектері әр жерде шашылып жатыр. Жүк көлігі жолдың шетіне ұшып кеткен.
Бастапқыда жол апатынан 10 адам зардап шеккені хабарланған, бірақ олардың екеуі дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған. Қалғандары шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Кешелі бері сараптама жасалып, тәртіп сақшылары тергеуді бастапты. Жол апатынан зардап шеккендерді Байғанин аудандық ауруханасына санавиациямен дәрігерлер бригадасы жеткізілген.
"Өкінішке орай, ауыр жағдайда болған бір пациентті құтқару мүмкін болмады. Қалған зардап шеккендер қажетті ем алуда. Науқастарды жедел мамандандырылған көмек көрсету үшін Ақтөбеден санавиация бригадасы келді. Қазір жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында". Досбол Әуезов, Байғанин ауданы ауруханасының басшысының міндетін уақытша атқарушы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:07, 27 шілде 2026
Алматы, Астана және тағы төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
-
10:56, 27 шілде 2026
Тағы бір альпинист қаза тапты: Эльбрус тауы бір аптада жеті адамның өмірін жалмады
-
10:45, 27 шілде 2026
Ақтауда Miyagi мен Нұрлан Сабыров Голливуд жұлдызы Джеки Чанмен кездесті
-
10:36, 27 шілде 2026
ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады
-
10:29, 27 шілде 2026
Қазақстандық күдікті Грузиядан экстрадицияланды: 2,4 млрд теңгенің мүлкі бұғатталды





