Шымкентте қайтарымсыз грант иегерлері өнімдерін жәрмеңкеде ұсынды

© Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Шымкентте қайтарымсыз грант иегерлерінің өнімдері ұсынылған көрме-жәрмеңке өтті. Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, 150-ге жуық шағын және орта бизнес өкілдерінің жобаларымен танысты.
"Тауарларды жасауға кәсіпкерлердің бар өнерін, ынта-ықыласын салғаны көрініп тұр. Мемлекет ұсынған гранттарды конкурс арқылы жеңіп алған қала тұрғындары өз бизнесін бастап, сапалы әрі нарықта сұранысқа ие тауарларды өндіріп жатыр. Бұл бір жағынан шымкентіктердің кәсіпке бейім әрі еңбекқор екенін көрсетсе, екінші жағынан мемлекеттің шағын және орта бизнеске көрсетіп жатқан қолдауының нақты нәтижесі» - деді қала әкімі. "
Жәрмеңкеде кондитерлік өнімдер, жиһаз өндіру, қызмет көрсету салалары бойынша түрлі әлеуметтік жобалар қойылды.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ арнайы ақпараттық бұрыш жасақталып, «Халықты жұмыспен қамту орталығының» мамандары келушілерге тегін кәсіби оқу, тұрақты жұмысқа орналасу, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алу бойынша кеңестер берді.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, өткен жылы қаламызда 1 мыңнан астам адам жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз гранттарды жеңіп алған.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ал, 2 мыңнан астам адам тегін кәсіби оқуға жіберілген.
Мемлекет тарапынан берілетін қолдау шаралары биыл да өз жалғасын табуда. Қала бойынша 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:56, 1 желтоқсан 2023
Астанадағы тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған тұрғын бес тәулікке қамалды
-
01:06, 1 желтоқсан 2023
Шымкентте тергеу изоляторындағы 29 жастағы күдікті қайтыс болды
-
00:29, 1 желтоқсан 2023
«Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіндегі ойында «Динамодан» жеңіліп қалды
-
00:00, 1 желтоқсан 2023
Футзал: «Қайрат» лиссабондық «Бенфикаға» есе жіберді
-
23:50, 30 қараша 2023
Атыраулық полицейлер күдіктіден шамамен 600 доза «синтектиканы» тәркіледі