Шымкентте дәмхана күзетшілері мен келушілер төбелесіп, қылмыстық іс қозғалды

08:27, 24 қараша 2026
MKZ: 1579346

© Сурет: instagram/police_shymkent

Шымкентте жолдың қақ ортасында болған жаппай төбелеске байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының полиция департаменті 2026 жылғы 23 қарашада хабарлағандай, оқиға 18 қарашада болған. Қаладағы дәмханалардың бірінде келушілер мен күзетшілер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.

Полицейлер төбелеске қатысқандардың барлығын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Шымкентте "Жаяу жүргінші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Он күн ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 16 мыңнан астам дерегін анықтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!