Өзін студент деп таныстырған ер адам 9 млн теңгеге жуық салық төлеуден жалтарған

08:12, 24 қараша 2026
MKZ: 1579342

© Сурет: pexels

Ұлыбританияда 40 жастағы ер адам құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жалған анықтамалардың көмегімен 12 жылға жуық уақыт бойы муниципалдық салық бойынша жеңілдікті заңсыз пайдаланып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Infobae басылымының мәліметінше, Лондонның батысындағы Хейз қаласының тұрғыны Вишал Кумар Ганди 2013 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін жергілікті билікке жалған анықтамалар тапсырып келген. Ол құжаттарда өзін де, бірге тұратын адамдарды да студент деп көрсеткен.

Ұлыбританияда күндізгі бөлімде оқитын студенттер муниципалдық салықтан толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Жақында жергілікті билік студенттерге арналған жеңілдікті заңсыз пайдалану фактілерін анықтау үшін тексеру жүргізген. Мамандар Ганди тапсырған құжаттардағы сәйкессіздікті бірден байқаған. Осылайша, оның 15 мың фунт стерлинг (8,9 млн теңге) салық төлеуден жалтарғаны анықталған.

Сот Гандиді алты айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол 140 сағат ақысыз қоғамдық жұмыс атқарып, муниципалитеттің сот шығынын өтеуге тиіс. Шығын сомасы 8,9 мың фунт стерлингті (5,2 млн теңге) құрады.

Ал Қытайда бір әйел 19 жыл бойы өзін ер адам ретінде таныстырып, сүйіктісінен алдап ақша алып жүрген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!