Шымбұлақта серуендеп жүрген жас жігіт абайсызда сайға құлап кеткен

19:30, 2 ақпан 2023
156

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласының полицейлері Шымбұлақта сайға құлап кеткен ер адамды аман алып қалды. Ол серуендеуге шыққан курьер болып жұмыс істейтін жігіт болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешкі сағат жетілер шамасында “102” арнасына бір жігіт телефон соғып, тауда жүргенде сайға құлап кеткенін, өздігінен шыға алмай қалғанын хабарлады. Жас жігіт дереу ЖБО операторына өзінің орналасқан жерін жіберіп, ұялы телефонының таусылғалы тұрғанын айтты.

"Дабылды хабарға бірінші болып біздің әріптесіміз – полицей Әнуар Қашыбаев жауап берді. Бір минуттан кейін әріптесім, учаскелік аға инспектор – Дархан Сары екеуміз дер кезінде оқиға орнына жеттік. Іздеуді бастадық. Қараңғы болып кеткен кез, тек дыбыстарға мән бердік. Бір кезде төменнен көмек сұраған дауысты естідік. Сол жерге жақын маңда мопед тұрды. Ер адам абайсызда сайға құлап, шыршалардың бұтақтарынан ұстап қалғанын айтты. Жас жігіт үрей үстінде болды, қатты тоңып қалған. Біз оның қасына төменге түстік, жылыту үшін киімдерімізді үстіне жаптық, арнайы құтқару құралдарының көмегімен құлаған адамды жоғары қарай көтеріп алдық. Содан кейін оны ары қарай тексеру үшін ауруханаға жеткіздік, – дейді 83-УПП-нің учаскелік инспекторы Асхат Рысбеков.

Жәбірленушінің курьер болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Сол күні кешке тау ауасымен тыныстау үшін шатқалға шыққан. Алайда бұл серуен қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!