2025 жылы долларға шаққанда ең көп қымбаттаған валюта қандай
© Фото: pixabay
Ашық биржалық деректерге сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресей рублі долларға қатысты ең көп нығайған валюта болды - оның бағамы шамамен үштен біріне өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости жүргізген есепке сай, рубльдің долларға шаққандағы бағамы 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда бірден 31%-ға нығайды.
Бұл көрсеткіш бойынша екінші орынды швед кронасы иеленді (19,9%), ал үшінші орында венгр форинті (19,4%) тұр. Сонымен қатар, долларға қатысты ең көп қымбаттаған әлемдік валюталардың алғашқы бестігіне колумбиялық песо (18,9%) мен чех кронасы (17,2%) кірді.
Сонымен бірге, маңызды саналатын 45 валютаның 10-ы өткен жылды керісінше, "минуспен" аяқтаған. Ең қатты құнсызданған валюта – аргентиналық песо, оның бағамы 29,2%-ға төмендеді. Онымен бірге "антилидерлер" үштігіне түрік лирасы (18,3%) мен ливиялық динар (9,2%) енді.
Сондай-ақ, долларға қатысты шри-ланкалық рупияның бағамы 5,5%-ға әлсіреді. Ал ең соңғы орындарды непал және үнді рупиялары бөлісті – олардың екеуі де долларға шаққанда шамамен 5%-ға арзандады.
Желтоқсан айының соңында РФ Экономикалық даму министрлігінің басшысы Максим Решетниковтың айтуынша, рубльдің қазіргі берік бағамы жоғары пайыздық мөлшерлемелер жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын көрсетеді.
Бұған дейін Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңындағы саудада доллар бағамы өскенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 2 қаңтар 2026
Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
-
11:58, 2 қаңтар 2026
Алматы мен Астанадағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 2 қаңтар
-
11:42, 2 қаңтар 2026
1,6 мың шақырым жол және 2 мыңға жуық жаңа вагон: теміржол саласында не өзгереді
-
11:16, 2 қаңтар 2026
Қазақстандықтар енді көліктеріне өздері нөмір таңдай алады - ІІМ
-
11:00, 2 қаңтар 2026
АҚШ-та Қазақстанның мұнай қоры бағаланды





