АҚШ-та Қазақстанның мұнай қоры бағаланды

11:00, 2 қаңтар 2026

© Фото: freepik

Мұнай әлемдік экономика үшін ең стратегиялық маңызы бар ресурстардың бірі болып қала береді. Ол көлік жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етіп, өнеркәсіптік өндірістің негізін құрайды, сондай-ақ геосаясат пен сауда ағындарының қалыптасуына ықпал етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Annual Statistical Bulletin 2025 жыл сайынғы статистикалық бюллетенінде жаңартылған мәліметтер ұсынылды. Бұл деректерде елдер 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген мұнай қорының көлеміне қарай рейтингтелген.

Көрсеткіштер дәлелденген мұнай қорын көрсетеді және миллиард баррельмен берілген. Статистикаға дәстүрлі шикі мұнаймен қатар битумды (мұнайлы) құмдар да енгізілген.

Бірінші орында – Венесуэла. Елдің болжамды мұнай қоры 303 миллиард баррельді құрайды. Алайда бұл орасан зор ресурсты экономикалық әрі геосаяси ықпалға айналдыру Венесулаға оңайға соғып отырған жоқ.

АҚШ санкциялары, сондай-ақ Трамп әкімшілігі кезінде венесуэлалық мұнай жеткізілімдерінің тәркіленуі Николас Мадуро үкіметінің мұнай экспорттау және қорын толық көлемде табыс көзіне айналдыру мүмкіндігін шектеп отыр.

Сурет: Visual Capitalist

Екінші орында – 267 миллиард баррель қоры бар Сауд Арабиясы. Ал алғашқы бестікті Иран, Канада және Ирак түйіндейді.

Әлемдегі ең ірі мұнай қорларының едәуір бөлігі ОПЕК-ке мүше елдердің үлесінде, әсіресе Таяу Шығыс аймағында шоғырланған. Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері бұл өңірдің басым позициясын қалыптастырып отыр.

ОПЕК-ке кірмейтін елдердің ішінде Канада ерекше көзге түсуде: ол 163 миллиард баррель қормен әлемде төртінші орында тұр. Канаданың мұнай қорының басым бөлігі мұнайлы құмдарға тиесілі. Бұл өндіруі қымбат әрі көміртек ізі жоғары ресурс.

АҚШ пен Ресей де мұнай қоры бойынша әлемдегі алғашқы он елдің қатарына кіреді.

Ал 2025 жылы Қазақстанның мұнай қоры 30 миллиард баррельге бағаланған. Бұл деректер АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат басқармасы жариялаған Каспий өңіріне қатысты аймақтық талдауда көрсетілген.

Бұған дейін 2025 жылы долларға шаққанда ең көп қымбаттаған валюта қандай екенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!