Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

21:41, 30 шілде 2026
MKZ: 1558898

© Сурет: UWW

Қазақстан әйелдер құрамасы Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.

Сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!