«Шетелге қашып, құтыла алмайсың...». ТМҰ-ға мүше елдер қылмыскерлерді бірлесіп іздеуді күшейтеді
© Фото: zakon.kz
Басқа елге кетіп, қылмыстық қудалаудан жалтару енді қиынға соғады. Өткен жылдан бастап Қазақстан ТМҰ-ға мүше елдерге 344 қылмыскерді іздестіруге көмектесті. Бұған жауап ретінде шетелдік әріптестер Қазақстан жариялаған халықаралық іздеудегі 82 адамды тауып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлері қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген адамдарды бірлесіп іздеу жұмыстарын күшейту мәселесін талқылады.
Өткен жылдан бері ҚР ІІМ ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің сұрауы бойынша 344 қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде шетелдік әріптестердің көмегімен Қазақстан іздеу жариялаған 82 адам анықталды.
Кездесуде ақпарат алмасуды жеделдетуге, бейінді қызметтердің тікелей өзара іс-қимылын күшейтуге және полиция атташелерінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды.
"Қылмыс шекара талғамайды. Сондықтан оған қарсы тұру ісін де бірлесіп жүргізуіміз керек. Мұнда ақпарат алмасудың жеделдігі, қызметтеріміз арасындағы өзара сенім және нақты нәтиже маңызды", - деді Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Қазақстанның ішкі істер министрі әріптестерін қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін белсендірек пайдалануға, жедел бөлімшелер арасындағы тікелей байланысты нығайтуға және полиция атташелерінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға шақырды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесу өткізген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:01, 10 қыркүйек 2026
Түркиядағы WTA 125 турнирі: Жібек Құламбаева жартылай финалға шықты
-
18:48, 10 қыркүйек 2026
Желідегілерді мазалаған сұрақ: 2027 жылдың Құрылтай бюджетіне қандай шығыстар кіреді
-
18:14, 10 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады
-
18:05, 10 қыркүйек 2026
«Оңтүстікте қатты ыстық болады». Еліміз бойынша 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
17:54, 10 қыркүйек 2026
БҚО-да бықсыған қоқыс үшін ауылдық округ әкіміне 432 мың теңге көлемінде айыппұл салынды





